Қоғам | Общество

Головкин Назарбаевқа алғысын білдірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғысын білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

“Қазақстандық ретінде, елінің патриоты ретінде Тұңғыш Президентке, ең алдымен, тәуелсіз мемлекет үшін алғыс айтқым келеді. Біздің туымыз, елтаңба, әнұранымыз бар. Мақтан тұтатын, жақсы көретін көпұлтты Қазақстан бар. Нұрсұлтан Әбішұлы, барлығына рахмет! Сізге мықты денсаулық, ал жас елімізге өркендеу мен амандық тілеймін”, – деп жазды Головкин Instagram желісіндегі парақшасында.

Комментарий