Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматыда жатақханадан шыққан өрттен 1 адам көз жұмды

Қою түтін салдарынан тұрғындар далаға жүгіріп шығып, өрт сөндірушілерге хабарласқан.

Алматының Алмалы ауданында 4 қабатты жатақханадан өрт шықты, деп жазады «Хабар24».

«Бүгін сағат 17:45-те «101» пультіне Алматы ауданы Әуезов көшесі, 62 «а» мекен-жайында өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті. Сағат 17:55-те жеткен құтқарушылар 4 қабатты жатақхананың үшінші қабатындағы бөлме өртеніп жатқанын анықтаған», – деп мәлім етті ТЖД.

Қою түтін салдарынан тұрғындар далаға жүгіріп шығып, өрт сөндірушілерге хабарласқан. Сондай-ақ өрт шыққан бөлмеде адам болуы мүмкін екенін айтқан.

«Адамдарды іздеу және тілсіз жауды ауыздықтау үшін газ түтінінен қорғау қызметінің 2 бригадасы жұмылдырылды. Осы мақсатта үшінші қабаттағы терезеге дейін үш иінді саты орнатылып, жалынды өшіруге өрт сөндіру оқпаны берілді. Онымен бір мезгілде эвакуация жолдарын қорғау үшін екінші оқпан пайдаланылды», – деп қосты баспасөз қызметі.

Бөлмеден бір адамның мәйіті табылды, жынысы және тұлғасы анықталу үстінде. Қолға алынған шаралардың арқасында өрттің жатақхананың қабырғалас орналасқан бөлмелеріне және өзге қабаттарға таралуына жол берілген жоқ. Жалын сағат 17:59-да оқшауланып, тағы 10 минуттан кейін толығымен өшірілді. Залал келген аумақ – 20 шаршы метр.

Комментарий