Қоғам | Общество

Сотталғандарға концерт ұйымдастырылды

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастамасымен ЖД-158/4 мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 
Аталған шараны ұйымдастырудың мақсаты – сотталғандарды мәдени құндылықтарды дәріптеу мен патриотизмді дамыту болып табылады.

Концерт барысында атақты қазақ ақындары мен композиторларының ұлттық және патриоттық шығармалары айтылды.
Мәдени шара соңында түзеу мекемесінің әкімшілігі және жазасын өтеушілер облыстық филармонияның өнерпаздарына концертті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді.

Ермек Беспаев,
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/4 мекемесінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыстарын жүргізу бөлімінің жасақ бастығы әділет майоры 

Комментарий