Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Детективтік шығармалар байқауы мəресіне жетті!

2019 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00-де Алматы қалалық соты
мен «Заң» медиа-корпорациясы» ұйымдастырған байқаудың қорытындысы
шығарылып, жүлдегерлері анықталады.
Бұл шара Алматы қалалық сотының 50 жылдық, «Заң» Медиа-корпорациясы»
ЖШС-нің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Жақсы іс
жалғасын тауып, екінші жыл қолға алынған байқаудың бас демеушісі – Нұрғазы
Əбдіқанов жетекшілік ететін Алматы қалалық соты. Былтыр жүлде қоры миллион
теңге болып, тек қазақ тілінде жазған авторлар арасынан жеңімпаздар іріктелсе,
биыл екі тілде жазылған шығармалардың үздіктері анықталады. Жүлденің жалпы
қоры – 3 млн теңге.
Байқау жарияланған бес айдың ішінде редакция қоржынына қазақ тілінде 43,
орыс тілінде 16 шығарма келіп түсті. Оның ішінде жанр табиғатына сай келетін
еңбектер «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарында жарық көріп,
Zanmedia.kz сайтына да жарияланды. Детективке жаны құмар оқырмандардың
онлайн жүйе арқылы көп дауысын жинаған авторларға іріктеу кезінде басымдық
берілгенін де айта кеткеніміз жөн.
Құрметті əріптестер!
Əдебиеттің кенжелеп қалған жанрына жан бітірген байқауды насихаттауға
атсалысыңыздар! Жүзден жүйрік шыққандардың еңбегін елге бірге таныстырайық!

Шараның өтетін күні:12 желтоқсан 2019 жылы сағ:11:00
Мекен-жайы: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 66 үй, Желтоқсан мен Наурызбай
батыр көшесінің ортасында. Алматы қалалық сотының үлкен залы,
Байланыс телефондары: 87011220940,
87774075511

Комментарий