Әлемде | В мире

Сандық пен кіржуатын машинаның ішіне тығылып шекарадан өтпек болған қытайлықтар ұсталды

Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.

АҚШ Шекара қызметінің қызметкерлері мемлекет территориясына кіріп кету үшін әртүрлі жиһаздарға тығылған Қытай елінің 11 азаматын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Twitter-дегі парақшасында хабарланды.

Америкалық шекарашылар Калифорния штаты Сан-Диего қаласына Мексика жақтан келе жатқан фураны тоқтатқан.

Автокөліктің ішінде әртүрлі жиһазға жасырынған 11 қытайлық мигрант табылды. Мигранттар сандыққа, комодқа, тіпті кіржуғыш машинаға жасырынған көрінеді, – делінген хабарламада.

Айтпақшы, қытайлық жолаушылардың ешқайсысы да зардап шекпеген.

42 жастағы АҚШ азаматы фураның жүргізушісі болып шықты.

Комментарий