Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қазақстандағы ЖОО рейтингі

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екі жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Еліміздің жоғары оқу орындарының жүйесінде өткізілетін рейтинг – жоғары оқу орнының бәсекелі артықшылықтарын анықтау, оның беделін көтеру және білім беру қызметтерінің ұлттық және халықаралық нарықтарында оның абыройын көтеруге бағытталған.

Биылғы жылғы рейтинг қорытындыларын таныстырған Палата мен БҒМ өкілдері өз пікірлерін жария етті. «Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, олар: жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы («Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы ұсынған мәлімет), оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау», – дейді атамекендіктер.

Білім беру бағдарламаларының негізіне – бизнестің ЖОО түлектердің нақты біліміне, іскерлігіне және дағдыларына деген қажеттілігі алынуы тиіс, яғни, білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып дайындау қажет деген қорытынды жасалып отыр. Өйткені, дәл осы тәсілді қолданатын жоғары оқу орындары рейтинг нәтижелері бойынша үздіктердің қатарында келеді.

Мәселен, Рудный индустриалдық институтын «жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірген түлектер  100% жұмысқа орналасады. Бұл көрсеткіш  Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен салыстырғанда, біршама жоғары (69%). Неге? Өйткені аталмыш оқу орны ERG компаниясымен тығыз байланыста жұмыс істейді және жұмыс берушімен бірге білім беру бағдарламаларын жасап, өз түлектерінің жұмысқа орналасуына кепілдік береді. Бұл тезис білім беру бағдарламаларының өзектілігі үшін берілетін баллды растайды. Қазіргі кезде Рудный Индустриалдық институтының “Жылу энергетикасы” мамандығы бойынша білім  бағдарламасы қол жеткізуге болатын 5 баллдың 4,8 ұпайын иемденіп отыр.

Алайда жұмыс беушілерді білім бағдарламаларының өзектілігі, жалпы алғанда, 32 пайызға ғана қанағаттандырады (666 білім беру бағдарламасы).

«ҚР-дың 60-там астам жоғары оқу орны болашақ жұмыссыздарды дайындайды десе де болады. Кейбір жоғары оқу орны сапалы білім беруге тырыспайды, есесіне дипломдарды басып шығарып, тез ақша табуда. Өйткені білімге емес, құжатқа сұраныс бар», – деп қорытынды жасайды зерттеу тобы.

«Атамекен» мұндай беталыспен күрес ретінде әкімшілік әдісті ұсынады, яғни оқу орындары болашақ жұмыссыздарды дайындамауы үшін олардың лицензияларын қайтарып алу қажет. Сонымен қатар Рейтинг нәтижесі мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу кезінде ескерелуі тиіс. Олжас Ордабаевтың айтуынша, нашар маманды дайындайтын жоғары оқу орнына мемлекеттік қаражат бөлінбеуі керек. Яки,  «Атамекен» ҰКП Мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу ережелеріне өзгерістерді енгізуді ұсынады (ҚР БҒМ-ның №122 бұйрығы): егер ЖОО рейтингтің төменгі бөлігінде болса, комиссия мұндай білім ордасына мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыту құқығынан айыруға құқылы.

Сондай-ақ зерттеу айшықтаған тағы бір тұжырым – білім беру гранттарының мақсатқа сай қолданылмауы. Білім беру және аграрлық бағыттардағы түлектердің мамандық бойынша жұмысының төмен проценті байқалады. Мәселен, 2018 жылы 2886 жас маман білім беру гранты негізінде білім бағыты бойынша оқу орнын аяқтады. Алайда 1010 түлек қана (35%) мамандық бойынша жұмысқа орналасты, ал 1255 (43%) мамандығы бойынша жұмыс жасамайды, 621 (22 %) түлек мүлдем жұмыс істемейді. Аграрлық бағыт бойынша 1552 түлек бітірді, оның ішінде 169 (11%) өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан болса, 954 (61%) мамандығына сай жұмыс істемейді, 429 (28%) жұмысқа орналаспаған. Егер мысал ретінде оқу ақысының орташаланған бір жылдық мөлшерін алсақ  – 350 мың теңге, онда мемлекет білім бағыты бойынша 2,6 млрд. теңге, аграрлық бағыт бойынша 2 млрд. теңге тиімсіз жұмсаған болып тұр.  Дәл осындай беталыс ақылы бөлімнің түлектерінде де байқалды, осыдан мектеп түлектерінің арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстары аз жүргізіледі, түлектермен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстың тиімділігі төмен, сондай-ақ мектеп пен жоғары оқу орындарының арасында өзара байланыс жоқ деген қорытынды жасауға болады.

Жалпы алғанда, Қазақстан қоғамында жоғары білімге деген үлкен сұраныстың болуы және еңбек нарығында мамандарға қажеттіліктің артуы қоғамның және жеке тұлғаның әртүрлі университеттердегі білім сапасы туралы қолжетімді және сенімді ақпаратқа деген қызығушылығын тудыратыны түсінікті. Білім беру нарығында университеттердің бәсекелестігі күшейіп келеді. Ғылым мен білімнің коммерциализациясы жағдайында университеттерге, тіпті студенттерге инвестициялауға дайын инвесторлар пайда болып жатыр, алайда шешім қабылдау үшін әртүрлі университеттердегі зерттеу деңгейі мен білім беру қызметінің сапасы туралы объективті мәліметтерге мұқтаж. Бұл рейтингтік зерттеу – осы қажеттіліктің орнын толтырады.

90 мамандық бойынша рейтингтер әрі министрлікке, әрі абитуриент пен оның ата-анасына, әрі ЖОО өзара бәсекелестігіне, әрі әлеуетті жұмыс беруші ретіндегі бизнеске пайдалы болмақ.

Мамандықтар және өңірлер бойынша рейтингтерді желтоқсан айынынң ортасынан бастап «Атамекеннің» сайтынан қарауға болады.

Анықтама үшін:

Рейтингті қалыптастыру барысында 90 мамандық қамтылды, 2000 білім беру бағдарламасы бағаланды, ҚР-дың барлық өңіріндегі 700 сарапшы 6000 сараптамалық қорытынды шығарды.

Рейтинг 17 критерий бойынша жүргізілді, олардың ішінде: жұмыспен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар.

Жүргізілген рейтинг барысында түлектердің жұмысқа тұру деңгейі 74%-ды құрайтыны анықталды, түлектердің орташа айлық еңбекақысы – 103 285 теңге.

Дипломды алу уақытынан бастап жұмысты іздеу ұзақтығы орта есеппен 3,5 айды құрайды, «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша түлектер тез жұмыс табады – 2 ай, ал «Шетелдік филология», «Стоматология», «Кеден ісі» мамандықтарының түлектері жұмыс іздеуге 5 айдан аса ұзақ уақыт жұмсайды

ТОП 10 Жоғарғы оқу орны

Көшбасшы орындарға мамандықтар бөлінісінде білім беру бағдарламаларының ең көп санын ұсынған және олардың сапалы орындалуын, олардың мазмұндық ресімделуін көрсеткен, сараптамалық қауымдастықтың бағалауы бойынша заманауи беталыстарды ескере отырып, оларды жаңарта білген жоғары оқу орындары алды, бұл оқу орындарының түлектеріне еңбек нарығында сұраныс өте жоғары және т.б. 

Бұл орайда,

КАЗГЮУ Университеті

Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті

Сүлейман Демирел атындағы Университет

Қазақстан-Британ техникалық университеті

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті секілді оқу орындары 2018 жылғы Рейтингте де көшбасшы орындарға ие болған.

Аутсайдерлер қатары

Өкінішке орай, көптеген өлшемдер бойынша өз жолын басқаларға берген оқу орындары да болды. Білім беру бағдарламаларын талдау оларда қайталанатын модульдердің барын айқындады. Сондай-ақ мамандыққа тікелей қатысы жоқ модульдер баршылық, теория мен практиканың арасында байланыс жоқ. Тым осал білім беру бағдарламасы. Білім беру бағдарламалары пәндерінің силлабустары студенттерге ақпарат көздерін таңдауға мүмкіндік бермейді. Әдебиет тізімі шектелген, кейбір пәндер бойынша салалар бойынша тиісті қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер берілмеген.

Сонымен, ең төмен орындарға ие болған жоғары оқу орындарының арасында мына университеттер:

Сырдарья Университеті

SilkWay Халықаралық университеті

Қазақстанның теңіз университеті

Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университеті

Орталық Азия университеті

Астана Университеті

А. Қуатбеков атындағы халықтар достығы университеті

Болашақ университеті

Түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша төмен процент

Талдау деректері бойынша түлектердің мамандық бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші 50% төмен болған 61 оқу орны анықталды. Осы тізімнен 12 оқу орнының жұмысқа орналасу проценті 50% төмен мамандықтардың ең көп саны (3-15 мамандық) бар.

Бұл бағытта ең келеңсіз жағдай мына оқу орындарында қалыптасты:

  • SilkWay Халықаралық университеті – 6 рейтинг бойынша
  • Сырдарья Университеті – 5 рейтинг бойынша
  • Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті – 5 рейтинг бойынша
  • Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет – 4 рейтинг бойынша
  • Орталық Азия университеті – 4 рейтинг бойынша
  • Шымкент университеті – 3 рейтинг бойынша
  • Астана Университеті – 3 рейтинг бойынша

Сондай-ақ талдау кезінде мына оқу орындарында мамандық бойынша 30%-дан төмен жұмысқа орналасу көрсеткіші анықталды:

  • Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы – Халықаралық 29%
  • Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті – Информатика (жаратылыс ғылымдары) 29%
  • Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет – Кәсіптік оқу 25%
  • Орталық Азия университеті – Экономика 20%

 

Түлектердің аз саны

2018 жылы 5 түлектен аз контингенті бар ББ жалпы саны 261 бағдарлама құрады.

Ең қолайсыз жағдай мына оқу орындарында байқалады:

ЖОО атауы түлектен<мамандықтар саны
1 Орталық Азия университеті 21
2 Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 14
3 Қазақ ұлттық аграрлық университеті 12
4 Семей қ. Шәкәрім атындағы Жезқазған университеті 11
5 Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті 11
6 Астана Университеті 10
7 Академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті 9
8 С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті 9

Білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі

2019 жылғы Рейтингтің нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша жұмыс берушілердің білім беру бағдарламаларының сапасы мен өзектілігіне қанағаттанушылығы:

– жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес келеді: 32,6% Оқу кезіндегі жұмыс

Келесі анықталған фактор – оқу кезінде жұмыс істеу. Күндізгі оқу бөлімі түлектерінің 13% (8110 адам) 2-курстан бастап тұрақты түрде жұмыс жасады. Аталған өлшемшарт бойынша көрнекті мысалдар Қызылорда қаласының Болашақ Университетінде (түлектердің жалпы саны – 3340, олардың ішінде оқу кезінде жұмыс істегендер – 984, оның ішінде 248 – 1990 жылдан бұрын туғандар), Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде (түлектердің жалпы саны – 2542, оның ішінде оқу кезінде жұмыс істейтіндер – 1283, оның ішінде 418 – 1990 жылдан бұрын туғандар), Қазақстанның теңіз университетінде (түлектердің жалпы саны – 129, оның ішінде оқу кезінде жұмыс істейтіндер – 83, оның ішінде 59 – 1990 жылдан бұрын туғандар) және т.б.

Рейтинг жүргізу кезінде анықталған сәйкессіздіктер

– КазУИТС: қазіргі таңда күндізгі оқу бөліміндегі білім алушылардың саны – 1528 адам. Бұл ретте, 1-курста – 3, 2-курста – 6, 3-курста – 5, 4-курста – 1513.

Бірқатар жоғары оқу орындары белгілі бір мамандық бойынша бүкіл Қазақстан бойынша жалпы түлектердің санынан түлектердің тым жоғары үлесіне ие.

– КазУИТС (Заңтану) – 699 адам (ҚР түлектерінің жалпы санынан 13%);

Анықтама: 2018 жылы КАЗГЮУ-да заңтану мамандығы бойынша түлектердің саны 185 болды.

– Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет (Мектепке дейінгі оқу) – 1077 адам (27%)

Анықтама: 2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-да «мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру» мамандығы бойынша түлектердің саны 18 адам болды.

– КазУИТС (Автоматтандыру және басқару) – 510 адам (32%);

Анықтама2018 жылы ЕҰУ-да «автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 393 түлек бітірді.

– Болашақ Университеті (Педагогика және психология) – 393 адам (24%).

Анықтама2018 жылы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде педагогика және психология мамандығы бойынша түлектердің саны 37 адам болды.

Оқу кезіндегі тұрақты жұмыс (күндізгі оқу нысаны) – дәрістерге қалай барған деген сауал тудырады:

– КазУИТС: 2595 адам құрайтын жалпы түлектердің санынан –1070 (41,2%);

– Болашақ Университеті: 2972 адам құрайтын жалпы түлектердің санынан – 709 (23,8%).

Кешкі оқу нысаны түлектерінің көп саны:

– Өңірлік әлеуметтік-инновациялық университет: 9393 адам құраған түлектердің жалпы санынан – 6453 адам (69%) – кешкі бөлімнің түлектері;

– БҚИТУ – 3356 түлектен – 1550 (46%) – кешкі бөлімнің түлектері.

1990 жылдан үлкен түлектердің саны (күндізгі бөлім)

– КазУИТС – 706 адам (2542 түлектен, 28%)

– Болашақ Университеті – 529 адам (3340 түлектен, 16%)

– М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ – 257 адам (485 түлектен, 53%)

Аккредиттеудің болуы, оның ішінде шетелдік

Қазақстанның өнімдерін, оның ішінде білім беру қызметтерінің нарығын халықаралық нарыққа шығарудың өсіп келе жатқан қажеттілігін ескере отырып, Қазақстанның оқу орындары халықаралық аспектілердің (профессор-оқытушылық құрамның құрылымына шетелдік мамандарды шақырудан бастап басқа елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы шарттарды жасасуға дейін) сол не басқа күйінде өз қызметтерінде орын алатынын ескеруге тиіс. Дегенмен бұл бағытта қазақстандық жоғары оқу орындарын, халықаралық білім кеңістігінде олардың білім беру бағдарламаларын халықаралық тану және аккредиттеу міндетінің ерекше маңыздылығы бар.

109 жоғары оқу орнынан небәрі 30 оқу орны ғана өздерінің білім беру бағдарламаларын шетелдік аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеу рәсімінен өткізді. Жалпы алғанда, 2036 білім беру бағдарламасынан 194 бағдарлама ғана шетелдік аккредиттеуден өткен. Қалған оқу орындары білім беру бағдарламаларын қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеді (1611 бағдарлама) және 255 білім беру бағдарламасы мүлдем аккредиттеуден өтпеген.

Автоматтандыру

2019 жылы БЖЖЖБ интеграцияланып Platonus негізінде Рейтингті құру және бағалауды жүзеге асыру бойынша рәсім автоматтандырылады. Жоғары оқу орындары ақпаратты БЖЖЖБ көмегімен ұсынатын болады.

Автоматтандыру мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: сапаны арттыру, процесті оңтайландыру, жеделдік, ашықтық, айқындылық, Бірыңғай орталықтандырылған деректер қоры.

«Атамекен» ҰКП,

Қоғаммен байланыс департаменті.

Abai.kz

Комментарий