Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Алматы: Қаңыраған ғимаратта табылған нәрестені жартылай егеуқұйрықтар жеп қойған

Алматыда қаңырап тұрған ғимараттың ішінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды. Суықта үсіп өлген сәбиді тұрғындардың бірі байқаусызда көріп қалған.

Шақалақтың туылғанына небәрі екі-үш күн болыпты. Осы уақыт бойы қаңырап тұрған ғимаратта жатқан баланы жартылай егеуқұйрықтар жеп қойған. Қазір тәртіп сақшылары шақалақты ит-құсқа жем қылып, қирандының ішіне тастап кеткен тасбауыр ананы іздеп жатыр. Ал ғимараттың өзі Абай даңғылының бойында тұр. Мәліметтерге қарағанда, мұнда бизнес орталығы ашылмақ болған. Алайда сақалды құрылыс көп ұзамай үйсіздердің мекеніне айналыпты. Тұрғындар енді сұмдық жайт қайталана ма деп қорқады. Себебі, нәрестенің денесі табылған ғимарат қоршалмаған күйі тұр.  Виктор Полум, Алматы қаласының тұрғыны: – Бұл ғимаратты сүріп тастау керек. Себебі, есірткі шегушілер көп жүреді мұнда. Ал жазда үйсіздер паналайды. Ішінде арақ ішіп, білгенін істейді. Өте қауіпті орын.

Комментарий