Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Халық “Сергекке” қарсы митингке шығуы мүмкін бе

Онсыз да аз қазақты кедейлендірейін деген кім?

“Сергек” қадағалау камералары онсыз да күнін әрең көріп жүрген адамдарды қанаудың, тонаудың, одан әрі кедейлендірудің тиімді әдісіне айналды, деген ойды ашық айтты желіде Мақсат Ілиясұлы есімді қолданушы.

Басқаны айтпағанның өзінде тек Астана көшелеріне 6183 “Сергек” камерасы орнатылып, 2019 жылдың 10 айында 1 млн 219 мың жүргізушіге 6 млрд 784 млн теңге айып салған.

“Сергек” қондырғылары Алматы, Атырау тағы басқа ірі қалаларға жаппай орнатылуда. Бұл тонаушы құрылғы халықтың қалтасын қағып, жаппай наразылығын туғызуда. Осыған орай “Сергекке” қарсы митинг ұйымдастырса Астана мен Алматыда және басқа қалаларда қанша адам көшеге шығар екен дейді бір ішкі ойым. Сіз қалай ойлайсыз, “Сергекке” қарсы алаңға шығар ма едіңіз, деген сауал тастайды ол.

Комментарий