Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | Актуально

2020 жылдан бастап студенті бар отбасыларға жаңа жәрдемақы беріледі

2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға берілетіні анықталды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студент балалары бар отбасыларға мекенжайына қарамай жаңа жәрдемақы тағайындалатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ондай мәселе болған, яғни заңнамада «бірге тұратын балалар» деген түсінік болды. Сондықтан осыдай мәселелер туындады. 2020 жылға дейін уақыт бар. Осы орайда тиісті шешімді қабылдадық. Оқуына байланысты сыртта жүрген балалардың барлығын бір мекенжайда тұрады деп санаймыз. Осы бағатты тиісті нормативтік-құқықтық актілер жасалады», – деп жауап берді министр.

2020 жылдан бастап жаңа жәрдемақы 340 мыңнан астам отбасыға берілетіні анықталды.

Осыған дейін аталған жәрдемақы 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар және 4 немесе одан да көп балалы отбасыларға жәрдемақы беру жоспарланғанын айтқан болатынбыз.

Комментарий