Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Наурыз мейрамында ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 19-21 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі “Қазгидромет” РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы мейрам күндері кейбір өңірлерде жауын-шашын жауып, найзағай ойнайды. “Республиканың кейбір өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал түнгі және таңғы уақыттарда көріну қашықтығы 500 метрден төмен болатын тұман сақталады. Тек қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық фронт әсерінен жауын-шашын күтіледі, ал оңтүстікте өткінші жауын мен найзайғай ойнайды. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болады, ал оңтүстік өңірлерде 5…7 градусқа жоғары болады”, – деді “Қазгидромет” өкілдері.

Комментарий