Қоғам | Общество

«Моңғол шатыс болса болар»: Мырзан Кенжебайдың жазбасы оралмандардың ашуына тиді

Осылайша, қолдаудан гөрі қарсылығы басым пікірлерге тап болған Мырзан Кенжебай онысымен шектелмей, тағы бір жазбасын жарқ еткізді. «Мен Шыңғыс ханмен қандас емеспін!» деген тақырыппен.

Белгілі ақын Мырзан Кенжебай бүгін facebook парақшасында Шыңғыс ханды қазақ еткісі келіп жүрген басқа емес, оралмандар деген пікір білдірді. Ұлы қағанды қазақ деп жазып жүрген жандардың бірі Жантеке Жәрімбетовке қарата айтылған ол сөзі бірнеше ағайынның ашуына тиді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Жантеке Жаримбетов Шыңғыс ханды қазақ қылғысы келіп жүргендердің көбі моңғол мен Қытайдан келгендер. Олар неше түрлі бізге беймәлім моңғол шежіресі, қытай шежіресі дегендерден выдержкалар келтіріп, Керей мен Найман руларының, яғни, өздерінің арғы тегі моңғолмен шатыс екенін ашықтан ашық айта бастады. Енді бүкіл қазақты моңғол шатыс деуге кірісті.

Иә, Керей, Наймандар моңғол шатыс екені рас та шығар. Бірақ Шыңғысханды қазақ деу арқылы бүкіл қазақты моңғолмен аралас деу кейбіреулердің арамзалық саясаты екені көрініп тұрған жоқ па?! Ал Қият деген тайпа екеу. Бірі сонау Ғұндарға жатады. Ал тарих ғылымының докторы У. Шалекенов Алтын Орданың Шыңғысханға түк қатысы жоқ екені туралы осыдан бір апта бұрын «Жас Алаш» газетінде жазды.

Татарстан ғалымдары Алтын Орданың тікелей мұрагерлері татарлар, сосын ноғайлар мен қазақтар дейді. Қысқасы, Керей мен Найман моңғол шатыс болса болар, бірақ бүкіл қазақ моңғол шатыс емес. Шыңғысханды солар ала берсін. Керек десең, Кіші Жүз Қазақ хандығының құрамында да болған емес. Ноғай Ордасында болды», – дейді ақын.

Ал оған қарсы өре түрегелген жұрт «Тарихқа жоламай, өлеңіңізді жазып тыныш жүре бергеніңіз жөн ғой», «Қуып кетесіз сіз кейбір кезде», «Сіз осы алжып жүрсіз ғой деймін» дегендей реніштерін жазып жатыр.

Мысалы, Қытайдан келген журналист Қуандық Шамахайұлы: «Шыңғыс ханды қазақ еткілері келіп жүргендер оралмандар емес. Олай деп жала жапқаныңыз ұят қой. Көшпенділер құрған ұлы империяға Керей, Найман секілді қазіргі қазақ руларының қатысы болған. Ол үшін қазақты өзге ұлтқа теліп жүрген ешкім жоқ.

Моңғол деген ұлт болған емес, жоқ. Моңғол – мемлекеттің атауы. Түбін қусақ, сіз өзіңіз жоңғар шатыс болып шығасыз. Арғы жаққа барыспайық. Алдымен туған жеріңіздегі жоңғарлық атаулардан құтылып алып әңгіме айтыңыз. Шыңғыс хан сіздің не теңіңіз? Сіздің деңгейіңіз одан гөрі мынаған жауап іздеуге лайық: Мырзеке, тауық алдымен туды ма, әлде, жұмыртқа ма? Білмесеңіз, жоңғар шатыс болып шығасыз» деп жазды.

Сондай-ақ, Ерғазы Сейітқали атты азамат: «Елдің арасына іріткі салу ғой мына сөз. Мен Мрзан Кенжебайды қазақтың татулығын ойлайтын саналы ағалардың бірі деп ойлаушы едім… Егер кәсіби тарихшы болсаңыз, ғылыми дәлелдерді келтіріп айтыңыз. Ал тарихшы болмасаңыз, «әләуләй мен қалаулайды айтып» жүре берсеңізші. Тым құрығанда, қазақтың қабырғалы екі тайпасына тіл тигізіп, ел ішіне шоқ тастамай тыныш отырар едіңіз», – деді.

Осылайша, қолдаудан гөрі қарсылығы басым пікірлерге тап болған Мырзан Кенжебай онысымен шектелмей, тағы бір жазбасын жарқ еткізді. «Мен Шыңғыс ханмен қандас емеспін!» деген тақырыппен.

«Менің Шыңғысханға қатысты айтқанымды түсіне тұра бұрмалаушыларға да, тақырыпқа қатысы жоқ әр нәрсенің басын шалып кететін лақпаларға айтарым мынау ғана: қазақтың бүкіл ру, тайпалары моңғолмен шатыс емес! Қазақ бірнеше түркі тайпаларынан құралды деген рас сөз.

Сосын! Шыңғыс хан заманында қазақ деген ұлт болған жоқ. Тағы да айтамын: Керей, Найман тайпаларының арғы түбін моңғолдармен байланыстырып жүргендер өздері білсін. Бірақ бүкіл қазақ руларын моңғолдармен шатастыру кейбіреулердің нағыз залымдығы. Қазақтар – түркілер. Шыңғысхан заманында қазақ деген болған жоқ! Сондықтан Шыңғысхан қазақ дегенді өлгенше мойындамаймын. Басқа көташар мақтаншақтымыз аз болды ма?

Сөзді бұрмалап, өтірік лағып кететін кей сайқалдарға айтарым сол. Мен Шыңғыс ханмен қандас емеспін! Ал қазақ хандары түгелдей Шыңғысхан ұрпақтары. Шоқан Уәлихановың да! Ал шулаңдар, кейбір бандерлогалар! Сөз осымен тәмәм!» – деп ашуға булыққан бұл жолы.

Комментарий