Саясат | Политика

Тоқаев Мюнхен конференциясының төрағасымен кездесті

Қазақстан нарығына неміс бизнесін, технологиясы мен инвестициясын тартудың маңыздылығы жөнінде сөз қозғады.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде ресми сапармен жүріп, Қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингермен кездесу өткзіді.

Жүздесу барысында президент Германия басшылығымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелеріне тоқталды. Қазақстан нарығына неміс бизнесін, технологиясы мен инвестициясын тартудың маңыздылығы жөнінде айтты сөз қозғады.

Вольфганг Ишингер келесі жылы өтетін кезекті Мюнхен конференциясына дайындық барысы туралы мәлімет беріп және Қазақстан президентін аталмыш беделді жиынға қатысуға шақырды.

Мұнан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты, бір-біріне ерекше ықыластарын білдіріп, қол алысты.

Комментарий