Саясат | Политика

Ғизат Нұрдаулетов бас прокурор болып тағайындалды

Ғизат Нұрдаулетов бас прокурор болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. “Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры болып тағайындалсын”, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қызметінен босатылғаны айтылады. Нұрдаулетов осыған дейін бас прокурордың бірінші орынбасары қызметінде болған еді. Ғизат Нұрдаулетов 1964 жылы 11 маусымда Алматы облысында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген, 1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарынқа, 1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті. 2007 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды, 2013 жылдың 6 мамырында ұлттық қауіпсіздік қызметінің генерал-майоры болды. Кейін 2016 жылдың қарашасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы қызметіне келді.

Комментарий