Қоғам | Общество

Қызылордада болған жол апаты: Автобус жүргізушісі көлік жылдамдығын асырып жіберген

Жарақат алған жолаушылардың бірінің айтуынша, Қызылордада болған жол апатында автобус жүргізушісі көліктің жылдамдығын жолдағы көктайғаққа қарамай асырып жіберген көрінеді. Оқиға салдарынан 8 адам опат болып, тағы бірнеше адам жарақат алған болатын. Әбдірахман Төкеев өзі бірнеше жыл бойғы тәжірибесі бар жүргізуші екен, ол оқиға болған күні аусымы бітіп үйіне қайтып бара жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Әбдірахман Төкеевтің сөзінше, оны құдай сақтап қалыпты. Жол апаты көзді ашып жұмғанша болған көрінеді.

“Автобус жолдың шетіне ұшып кетті. Автобустың жылдамдығы 100км/сағ әлде 120 км/сағ-тан асып кеткен еді. Салдарынан жолаушылар отырған автобус тайғанап барып, аударылып кеткен. Менің иығым сынды. Бірақ дәрігерлерге рахмет салып берді”, – деді Әбдірахман Төкеев.

Төрт мұнайшы әлі жансақтау бөлімінен шықпаған. Оның екеуеі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Дәрігерлер қолдарынан келгенше бар амалды жасауда екен.

“Екеуінің жағдайы ауыр. Екеуінің жағдайы тұрақты. Кеше Нұр-Сұлтан қаласынан реаниматор дәрігер мен хирург маман келді. Олар алдағы уақытта науқастар қандай ем қабылдайтын болатыны жайлы джоспар құрды”, деді Қызылорда ауруханасының директор орынбасары Алмас Әбілпатта.

Естеріңізге сала кетейік, “Қызылорда-Құмкөл” тасжолында автобус аударылып, 8 адам көз жұмғандығы жайлы айтылған еді. Бұған қоса автобус техникалық бақылаудан өтпеген.

Комментарий