Қоғам | Общество

20 жыл әскери қызмет етіп, зейнетке шыққандар да пәтер алады

Заңға өзгертулер енгізіліп, қол қойылды.

Әскери қызметшілер мен осы саланың зейнеткерлері үшін жағымды жаңалық. Енді 20 жыл әскери қызметте жұмыс істеп кеткен адамдар да баспана ала алады. Бұрын заңнамада мұндай мүмкіндік қарастырылмаған болатын, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңға өзгертулер енгізіліп, қол қойылды. Бұл мүмкіндіктің игілігін 10 жылдан астам, 20 жылдан кем Қарулы Күштер қатарында қызмет еткендер мен  әскери қалашықтарда тұратындар да көрмек.

«Зейнеткерлер дегенде, олар әскери қызметте 10 жылдан көп, 20 жылдан кем жүргендер. Оларға бұрын ешқандай жеңілдік көрсетілмеген, бірақ 2017 жылы «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңына өзгертулер енгізілуіне байланысты жабық оқшауланған аймақта тұрып жатқан азаматтарымызға сол үйлерін ашық қалашықтардағы үйлерге алмастыруға мүмкіндік бердік», – деді ҚР ҚК ӘПОББ тұрғын үй басқармасының бастығы Бауыржан Зекенов.

Комментарий