Саясат | Политика

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға барды

5 желтоқсанда Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді,деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Faceboоk-тегі парақшасында жазды.

“Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі. Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді”, – деп жазды ол.

Комментарий