Құқық | Право

Қорғаныс министрлігінің штаб батальоны командирі пара үшін сотталды

Әскери сот үкімімен Н.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, 3 млн теңге айыппұлға жазаланды.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен ҚР Қорғаныс министрлігінің “61993 әскери бөлімі” РММ-нің штаб батальоны командирі Н.С.Қойбақовқа қатысты әскери қызметкердің әскери қызметін 1 айға жеңілдетуге 100 мың теңге пара алғаны үшін бұған дейін жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы гарнизоны Әскери сотының үкімімен Н.С.Қойбақов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, оған өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен, 3 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Комментарий