Әлемде | В мире

Өзбектер де өз “Егеменіне” мұғалімдерді мәжбүрлеп жаздырып жатыр

Директорлар ақшаны айлықтан ұстап қалу үшін арыз жаздырып алады.

Өзбекстанда фермерлер, мұғалімдер, дәрігерлер және басқа да бюджет мекемелерінің қызметкерлерін жергілікті басылымдарға мәжбүрлеп жаздырып жатқаны хабарланды.

Ташкент облысындағы Нурафшан қаласының бюджеттік ұйымдардың бірінің жетекшісі қала әкімі өздерін мерзімді баспасөзге жазылуға мәжбүрлегенін айтты, дейді Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Бірақ Нурафшан қаласы әкімінің орынбасары Сирожиддин Носиров бұл ақпаратты теріске шығарды.

“Біз ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқпыз. Болғаны “Машъал”, “Ташкент ақиқаты” және “Ел үні” газеттеріне жазылу бойынша ұсыныс айттық”, – дейді ол.

Бұл арада ферғаналық мұғалімдердің бірі билік өкілдерінің өздерін мәжбүрлеп жатқанын айтты.

“Мектеп директоры аудандық білім беру басқарма басшысының бұйрығын көрсетті. Газеттерге жазылу үшін сынып жетекшілеріне 150 мың сум (15 доллар), мұғалімдерге 80 мың сум, оқушыларға 6-8 мың сумнан жинауға тапсырма берді. Директор болса бұл ақшаны айлықтан ұстап қалу үшін арыз жаздырып алды. Мен мектепте 10 жылдан бері істеймін. Жыл сайын газеттер мен журналдар үшін деп ақша ұстап қалады. Бірақ біз бірде-бір бұл басылымдарды қолымызға ұстамаппыз. Ешнәрсе өзгермеді, бәрі бұрынғыдай”, – дейді мұғалім.

Комментарий