Қоғам | Общество

Қазақстандық қос есімді азаматтар құжаттарында дефис қолдана алатын болады

Қазақстанда қос есімі бар азаматтар құжатта дефис қолдана алатын болады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол туралы ҚР парламентінің мәжіліс депутаты Майра Айсина мәлімдеді.

Жаңа өзгерістер туралы ҚР “Өзгерістерді енгізу және ҚР мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамалық актілер туралы” заңында толығырақ біле алады.

Егер баланың әкесі қос есімді болса, бала тек бір есімді еншілей алады. Немесе қос есім біріктіріліп жазылуы керек.

“Қазақстандықтардың арасында қос есімді тағайындауға қатысты түсініспеушіліктер өте көп. Осыған байланысты баланың құжатында түзетулер жасала береді. Мысалы, баланың әкесі Асан-Әлі болса, екі есімнің бірі ғана қолданылатын, Асанұлы немесе Әлиұлы. Одан бөлек біріктіріп жазуға рұқсат етілетін. Айталық Асанәліұлы.

Жаңа заң жобасында бұл мәселе талқыланды. Ендігі уақытта қос есімді дефис арқылы жазуға болады”, – Майра Айсина ҚР Президенті Орталық коммуникация қызметінің пресс-конференциясында.

Атап өтетін жайт, 2019 жылдың 7-қарашасында ҚР Парламенті Сенатының пленарлы отырысында ҚР “Өзгерістерді енгізу және ҚР мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша заңнамалық актілер туралы” заң қабылданған болатын.

Комментарий