Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы аударылып кетті

Қызылорда облысында жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 5:25 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолында орын алыпты. Көктайғақтың салдарынан автобус жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай ұалған, салдарынан көлік тайғанап барып аударылып кетіпті. Оқиға болған кезде автобус ішінде 50 адам отырған.

“Жол апаты Қызылордадан 85 км қашықтықта болды. Қазіргі таңда көз жұмған 4 адам анықталды. Одан юөлек 15 адам дене жарақаттарын алыпты. Құтқарушылар өз жұмыстарын жалғастыруда”, – деп айтылған төтенше қызметтің мәлімдемесінде.

“Жол-көлік оқиғасының себебі ретінде көлік қозғалысының бұзылуы мен көктайғақ болуы мүмкін. Соталды тексеріс ісі басталып кетті. ҚР ҚК-нің 345 бабының 4 тармағы бойынша іс қозғалды. Қазіргі таңда арнайы сараптамалар тағайындалды”, – деп хабарлады Қызылорда облысының ПД-нің баспасөз-қызметі.

Комментарий