Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Әлемдік тәжірибеге қарасақ бұрынғы отар елдердің ең қиын ісі қоғамдық сананы өзгерту болды

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың саяси, экономикалық, әлеуметтік және тағы басқа салалардағы саясатының ең маңыздысы қоғамдық сананы өзгертудегі ұстанған бағыты болды. Бұл Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында қалалық қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша «Заман» парасатты және салауатты өмір» қоғамдық қоры ұйымдастарған «Елбасы. Тәуелсіздік. Алматы» деп аталатын ғылыми-тәжірибелік конференция барысында айтылды.
– Бүгінгі конференцияда ҚР Тұңғыш Президентінің саяси, экономикалық саясаты туралы айтылды. Мен мәдениеттегі өзгерістер, құндылықтардың өзгеруі, әдебиет пен өнердің мәселесі, тәуелсіздік дәуіріндегі жалпы қоғамдық сананың өзгеруі туралы мәселеге көңіл аударғым кеп отыр. Саясатты да, экономиканы да өзгертуге болады. Меніңше Елбасына ең қиын түскен мәселе қоғамдық сананы өзгерту болды. Өйткені кеңестік кезеңде 70 жыл бойы еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін бақайшағына дейін кеңестік идеологиямен қаруланды. «Үйімізде, төрімізде тұратын ұлы Ленин бабамыз, ұлы Ленин данамыз» деген ұранды айтып келдік. Біздің санамызда да кеңестік дәуірдің стеоративі тұрды. Өзгерген күнде де кеңестік идеологияны жамап-жасқап, сәл өзгертіп, басқаша қабылдап, сол арқылы өзгеруге тырыстық. Осының өзі қоғамдық сананы өзгертудің өзі үлкен кезеңдерлен тұратынын, бірден жүзеге аспайтынын көрсетеді, – дейді Алматы қалалық мәслихатының депутаты, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов. Оның сөзіне қарағанда, кеңестік идеологияның шекпенінен шыққан елдерге қарасақ саналық өзгеріс көп республикаларда жүзега аса қоймады. Бірден өзгерем дегендердің барлығы тығырыққа тірелді. Өйткені бұрынғы санамен өмір сүріп жатқан адамдар бірден өзгертуге қарсы болды. Ұлтаралық қатынас, билік ауысуы жайттары көбінесе революциялық жағдайлардан орын алды. Ал, Қазақстандағы саналық өзгеріс өзінің табиғи бағытымен жүріп отырып, білікті, байыпты саясаттың арқасында өзінің нәтижесін бере бастады.
Филология ғылымдарының докторы, К.Ісләмжанұлының сөзіне қарағанда, әлемдік тәжірибеге көз жүгірткен кезде басқа елдердің отары болып, кейін бостандық алған мемлекеттерде 3 түрлі ағымның пайда болғанын аңғаруға болады. «Біріншісі бұрынғы жүйеден айырылмау. Екіншісі, ұлтшылдық бағыт болса, үшіншісі осы уақытқа дейінгі жетістікті ұлттық құндылықпен дамытайық деген ұстаным. Елбасы оның үшіншісін ұстанып, өз саясатын жүргізді. ҚР Тұңғыш Президентініі мәдениетті дамытудағы ең көреген концепциясы меніңше осы болды», дегенді айтты.

Ерлік Ержанұлы

Комментарий