Қоғам | Общество

Пышақ жарақатынан қайтыс болған үш жасар қыз Сәтпаевта жер қойнына тапсырылды

Сәтбаев қаласының әкімдігі отбасына материалдық және психологиялық қолдау көрсетуде, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі «Литер» сайтына сілтеме жасап.

Әкімшіліктің қолдауымен Қарағанды облысында өлі табылған үш жасар қыз жер қойнына тапсырылды.

28 қарашада Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында жедел жәрдем көлігі бірнеше пышақ жарақатын алған үш жасар қыздың денесін табады. Дәрігерлер жеткенше сәби қайтыс болып кеткен. Олар бірден полицияға хабар береді.
Жедел жәрдем станциясына пышақ жарақаты туралы хабарлама келіп түскен. Алайда, оқиғаның мән-жайын айтудан бас тартқан.

«Хабарлама келіп түскені рас. Алайда ол жаққа біздің қызметкерлер бармаған», – дейді жедел жәрдем станциясындағылар.

Анық болғандай, дәрігерлер пәтерге барғанда ол жерде үлкен жастағы бірнеше ер адам болған. Олардың кім екені және қандай жағдайда сәби пышақ жарақатын алғаны айтылмайды.

Қазіргі кезде пәтердегілер жедел тексеру тобына түсініктеме беруде. Бірақ құқық қорғау органдары қыздың өліміне қатысты ешқандай мәлімет жарияламай отыр.

Комментарий