Құқық | Право

Танымал қазақстандық ғалым өзінің кінәсіздігін жоғарғы сотта дәлелдейтін болады

Қазақстандық химик ғалым Ғалымжан Мамытбековты тағы да түрмеге жабамыз деп қорқытқан. Бұл жолы бас прокуратура ғалымды ақтау туралы сот үкімін негізсіз деп тауып, тергеуді қайта бастау қажеттігін жетізіді. Бұған дейін Мамытбеков мемлекеттік ұйымға тиесілі 80 миллион теңгені жымқырды деп айтыпталған еді. Соның салдарынан химик маман түрмеге үш жылға қамалып, мерзімінен бұрын босатылған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

“Мен қорғанатын боламын! Бұдан басқа мен не істей аламын? Мен өзімінің кінәсіз екендігімді осымен 5-ші рет дәлелдеймін. Неге екені белгісіз бұл іс қайта-қайта шыға берді ғой. Сот барысында менің кінәм анықталмаса да бас прокуратура мен тергеу органдары маған қарсы арыздана береді”, – деді  Ғалымжан Мамытбеков.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ғалымжан Мамытбеков бастаған уран өндірісін қолға алған бір топ адам “Казатомпромға” тиесілі ақшаны жымқырды деп айыптлаған еді. Ол кезде жоғалған ақша 500 миллион теңге деп көрсетілген еді. Алайда мамандар өздерінің кінәсіз екендігін дәлелдеген соң, ақша соммасы алты есеге дейін қысқартылып, 87 миллионға теңгеге түсіпті. Дегенмен Мамытбеков қарсы сот ісі бұнымен тоқтамаған көрінеді. Салдарынан ғалым түрмеге де отырып, артынша босатылыпты. Ендігі кезекте Матыбеков өзінің кінәлі еместегін жоғарғы сотта дәлелдейтін болады.

Комментарий