Видеогалерея

Балжан Бидаш “КешYou”-дан неге кетті? (видео сұхбат)

КешYou” тобының экс-солисі Балжан Бидаш Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін “The Эфир” жобасының жаңа қонағы болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әнші сұхбатында “Евровидение” байқауына қалай барып келгені туралы әңгімелеп, отбасы және жеке шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді. Балжанның айтуынша, ол бала кезінен “Евровидениеге” қатысуды армандаған. “Бала кезімнен армандадым. Сол арманның бір қадамына бардым деп айтсам болады. Ол байқаудың қалай өтетінін көрдім. Шындығына келсем, мақсатым осы байқауда жеңіске жету емес, тек қатысып көру болды. Өзімді сынау ретінде. (…)”, – дейді Балжан.     Сондай-ақ, қазақстандық әнші “КешYou” тобындағы күндерін есіне алып, ондағы қыздармен қарым-қатынасы жайлы айтып, топтан неліктен кеткені жайлы ашып айтты.

https://youtu.be/3EVUDMFZMOI

Комментарий

Бөлісу | Поделится