Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Елбасы жаңа мәртебеге ие болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа лауазымға ие болды. Бұл туралы Өзбекстан астанасында айтылған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТКарнасына сілтеме жасап.

Ташкентте жиналған Орталық Азиядағы мемлекет басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Консультативтік кездесудің Құрметті төрағасы ету туралы шешім қабылдапты. Жиын басталмай тұрып, Назарбаев Өзбекстан мемлекетінің президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесу өткізген. Олар екі елдің арасындағы байланыс туралы әңгімелесіп, әлемде орын алып жатқан жағдайлар туралы сөз қозғапты. Ал кеңейтілген отырысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан президенттері жиналыпты. Жиналыста Орталық Азиядағы серіктестікті кеңейтуге байланысты мәселелер талқыға түскен. Мемлекеттердегі қауіпсіздік басты назарға қойылды. Елбасы көрші елдерді ынтамқтастыққа шақырды.

Бұған қоса отырыста Назарбаев 15 наурыз күніне жаңа мереке енгізуді ұсынған еді.

Комментарий