Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

“Заң газеті” мен “Юридическая газета” басылымдарының жарыққа шыққанына 25 жыл

«Заң» Медиа-корпорациясы» ЖШС-ның құрамындағы “Заң газеті” мен “Юридическая газета” басылымдары өздерінің ширек ғасырлық мерейтойын атап өтті. Кейін “Заң” және “Фемида” журналдарымен қатары толыққан корпорация уақыт көшінен қалмай, оқырмандарымен жыл сайын қауышып келеді. 

Осынау мерейлі датаға орай корпорация мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Заң факультеті бірлесіп, «Қазақстанда құқықтық мәдениеттің қалыптасуындағы баспасөздің рөлі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға заңгер-ғалымдар, ұстаздар, “Заң газеті” және “Юридическая газета” басылымдарының алғашқы және кейінгі редакторлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Конференцияда ширек ғасырлық тарихы бар «Заң газеті» мен «Юридическая газета» басылымдарының өткені, тарихы туралы, оларға басшылық еткен редакторлар сөз қозғап, естеліктерімен бөлісті. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен үкімдері, халыққа Жолдаулары, Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет қаулыларынан бастап, Республиканың саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі жаңалықтар мен өзекті мәселелер туралы мақалалары арқылы газет жұртшылықты құқықтық реформаның жүргізілу барысымен таныстырып келеді. Әділдік іздеген талай жанның арыз-шағымдарын қанағаттандыра білген басылым қанатын кең жайып уақыт өте «Заң» және «Фемида» журналдарымен «Zanmediа.kz» сайттарының өмірге келуіне мұрындық болды.

 

Алғашқы сандары 1994 жылы 3 қарашадан бастап жарық көрген. «Заң газетінің» тұңғыш редакторы – Марат Тоқашбаев. «Юридическая газетаның» алғашқы редакторы Ирина Утеулина. Газет әрбір мақаласымен халықтың құқықтық санасын арттырып, заңды білуіне атсалысты, Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде елімізде болып жатқан саяси оқиғаларға, құқық саласындағы өзгерістерге айрықша үн қосты. Басылымда белгілі заңгер Нағашыбай Шайкеновпен қоса академик, заң институтының алғашқы ректоры Салық Зиманов та қызмет атқарып, заңдарымыздың мәні мен мазмұнын, ролін халыққа жеткізуде, заң терминдерінің қалыптасуына ықпал етті. Сонымен бірге   Алматы қалалық  полиция департаменті, ҚазҰУ журналистика факультетінің деканы, Алматы қалалық соты ,Алматы қалалық прокуратурасының басшылары , Әділет департменті құттықтап,жылы лебіздерін білдірді.

 

На изображении может находиться: 3 человека, люди сидят

 

 

Еліміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, ең бастысы – құқықтық өміріндегі тақырыптарды арқау еткен мақалалар “Заң газеті” мен “Юридическая газета” басылымдарының тұрақты оқырмандарын қалыптастырып, қазақстандық журналистика саласында өз орнын айшықтап берді.

Комментарий