Экономика

«ХАЛЫҚ БАНКІ» ХАЛЫҚҚА ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін 15 наурыз күні Алматыда «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның 2018 жылғы қаржылық нәтижелері туралы баспасөз мәслихаты өтті.  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова, орынбасарлары  Ертай Салимов пен Мұрат Қосановтардың қатысуымен өткен бұл жиында банк өзінің былтырғы жылғы көрсеткіштерін жария етті. 

Halyk + Qazkom=?

Естеріңізде болса, былтыр еліміздегі қаржы секторында бірқатар драмалық жағдайлар орын алған болатын. Атап айтқанда, нарықтан өз орнын ала алмаған банктер жабылып, келесі біріне мемлекет қол ұшын созды. Осы тұста Halyk және Qazkom секілді еліміздегі ең ірі қаржы институттары  өздерінің инфрақұрылым, технологиялары және командаларын біріктіру арқылы осы тығырықтан шығатын жол тапты. Ондағы мақсат – клиенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсыну, заманға сай қызмет көрсету. Содан бері жылға жуық өтті, бүгінде бұл одақ нарықтың үштен бір бөлігіне ие. Демек, жоғарыда аталған бірігу – орынды да ұтымды шешім болған. Бұл жөнінде АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованың өзі былай дейді:

Бірігу процесі банктердің ағымдағы қызметімен қатар жүрді. Процестің күрделі болғанына қарамастан, банк өзінің бизнес көлемі мен табысын ұлғайтып қана қоймай,  клиенттердің сенімін сақтап қалды. Оған қоса Halyk банкі айтарлықтай пайда тапты. Теңдессіз шоғырландыру жобасын аяқтап, біз ең ірі банк мәртебесіне ие болдық және бұл жағдай банкте қызмет көрсету үлгісін түрлендіріп, өнім желісін көбейтіп, клиенттерге қызмет көрсету сапасын бұрынғыдан да жақсартуға негіз болды. Бүгінде  Халық Банкінің алдында жаңа мақсат тұр – Қазақстан 2020 жылы ДСҰ-ға кіруіне орай нарықта жергілікті ойыншылармен де, шетелдік қаржы институттарымен де тиімді бәсекелесуге дайын болуы керек.

2018 жылдың он екі айында  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың таза кірісі өткен жылғы осындай мерзімдегі 173, 362 млрд теңгеден негізінен пайыздық және комиссиялық кірістер өсу есебінен 46.7 %-ға, 254, 238 млрд теңгеге ұлғайған.

Осы тұста айта кету керек, бүгінде Қазақстан Халық Банкі шығаратын төлем карталарының саны – 9,3 млн. дананы құрайды. Белсенді төлем карталарына қызмет көрсету жөнінде банктің нарықтағы үлесі – 46,0%.

Банктің аймақтық өкілдіктерінің желісі көп жыл бойы Қазақстандағы ең кең таралғандардың бірі болып саналады. 2019 ж. 1 қаңтар жағдайының есебі бойынша 23 филиал мен 624 бөлімшеден тұрады.

Банктің төлем инфрақұрылымы есептік кезеңнің соңы бойынша 4408 банкомат пен 1 097 төлем терминалын қамтиды.

Халыққа қажет сервистер

Бұдан бөлек банк клиенттерге ең қажет деген сервистер: коммуналдық қызмет, МАИ айыппұлдарын төлеу, салық төлеу, Оңай карталарын толықтыру секілді қызметтерін кеңейткен. Жүйені пайдаланушылар санының 3,48 млн.-ға жетуі Homebank-тің жаңа нұсқасына өту және біріктірудің тікелей оң нәтижесі деуге болады. Себебі былтыр 28,8 млн төлемдер мен аударымдар интернет банкинг арқылы жүзеге асқан. Яғни, бүгінде Халық банк клиенттері Homebank сервисі арқылы:

1.Жолда жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл туралы хабарлама ала алады;

2.Онлайн депозит аша алады;

3.Оңай, Алсеко, ИВЦ коммуналдық төлемдері мен ұялы байланыс сервистерін, GO бонустарымен төлей алады;

4.Халық банк картасы арқылы қаржысын АҚШ долларына аудара алады;

4.Халық банк картасы және мобильдік телефон нөмірі арқылы аударым жасай алады;

5.20 таңбалы шот туралы хабарлама мен үзінді көшірме ала алады;

6.400 жаңа төлемдер (Android үшін: Chocotravel, Air Astana,  балабақшалар, ЖОО және т.с.с.) жасай алады;

7.100 жаңа төлемдер провайдеріне (iOS үшін) қол жеткізе алады.

 

Бизнесті қолдайтын бағдарламаларға қатысу

Банк 2018 жыл ағымында «Даму» Қорымен бірлесіп ҚР-да кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға белсенді қатысты және қатысуын жалғастырып келеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 2019 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша Халық Банкі мақұлданған қарыз алушылар саны мен несиелік портфель көлемі бойынша қатысатын ЕДБ арасында жетекші орындар қатарында тұр.

Банк сондай-ақ былтыр «7-20-25» және «Баспана хит» секілді ипотекалық бағдарламаларына 10 млрд теңге бөлген.

Мәриям ӘБСАТТАР

 

 

 

 

Комментарий

Бөлісу | Поделится