Тағдыр | Судьба

“Бала тәрбиелегім келмеді”. Әйел адам өзінің жаңа туған қызын бұтақтың арасында тастап кетті

33 жастағы Дилдора Ашурова жаңа туған сәбиін Раменскийдегі ағаштардың арасына тастап кеткен. Туғанына бір ай болмаған жас сәбиді жол бойында өтіп бара жатқан адамдар тауып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Дружба көшесінің бойындағы 5-7 нөмірлі үйлердің маңынан шақалақ сәби табылды. Полиция баланы тастап кеткен кім екенін іздестіріп жатыр. Көріп қалғандар болар. Ондай безбүйрек ананы жазасыз қалдырмай керек», – деп жергілікті тұрғындар дабыл қағып, нәрестенің анасын таппаққа ниеттенді.

Көкек ана өзі келді. Диля полицияға келіп, қызын танысына тастап кеткенін және баланың қалай далада қалғанын мүлдем білмейтінін айтқан. Келесі күні ғана баланы өзі тастап кеткендігін, оны өсіріп-баққысы келмегендігін мойындады.

Дилдора Ашурова бірнеше жыл бұрын Ресейге ақша табу үшін Тәжікстаннан келген.

«Екі жыл бұрын Диля екеуіміз Новогиеевада көрші болып тұрғанбыз. Сол жақта бір айға жуық уақыт бөлме жалдап тұрып жатқан еді. Ол кезде аяғы ауыр, сатышы боп жұмыс істейтін. Өзі жалғыз тұратын, жанынан ер адамды көрген емеспін. Кейін көшіп кетті», – деді Диляның ескі танысы Муродхон Ишонбобоев.

Жұмыс іздеп Диля Мәскеу мен Мәскеу облысының екі ортасында сандалып ұзақ жүрген. Раменскке келгенде 1,5 жасар ұлы бар еді. Ал жақында қызды болған. Оны өсіріп жеткізгісі келмеді. Ұлын асыраймын деп онсыз да шаршап жүрген.

«Мәскеге кетуім керек болды. Қызымды өзіммен бірге алып жүргім келмеді. Далада суық болған соң, сол суықта қызымды тастап кеткім келді. Оның өліп қалуы мүмкін екенін түсіндім әрине. Ұлым мен қызымды алып сыртқа шықтық, сөйтіп ағаштардың арасына қызымды тастап кеттім», деді Диля тергеу кезінде.

Жаңа туған нәресте -5 градус суықта бір сағаттай уақыт жатқан. Оны байқап қалған адамдар жедел жәрдем шақырып, ауруханаға әкеткен.

Ашуроваға қатысты қылмыстық іс қозғалып, жас сәбиді өлтіргісі келді деген айып тағылғандығын хабарлады РФ Мәскеу облысының тергеу комитеті.

Комментарий