Қоғам | Общество

Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсті

Әлеуметтік желіде жерден алып, жерге салған жұрттың сөзі жүректі дертті етіпті. Бұл туралы әлеуметтік желіде журналист Тоқтар Жақаш хабарлады, деп жазады ERNUR.KZ.

“Сөзде қадір жоқ” деп сапырамыз келіп. Ешкімнің көңіліне қарамаймыз. Сөйтсек, әлеуметтік желіде жерден алып, жерге салған жұрттың сөзі жүректі дертті етіпті ғой. “Бекболат Тілеухан жүрек талмасымен құлап, ауруханаға түсіпті. Жағдайы ауыр екен” деген хабар жетті.”Ұлтың үшін не істедің?” деп жатамыз ғой. Бекең өзінің 14 баласымен қосып, бірнеше жетім-жесірді асырап отырғанын біреу білсе, біреу білмейді. Одан бөлек, жағдай айтып, көмек сұрап баратындарда да есеп жоқ. Осының бәрін үнсіз, жарияға жар салмай атқарып жүрген азаматымыз ауырып қалыпты. Өкпеге қисақ та өлімге қимайтын қазақпыз ғой. Аман-есен анау сүп-сүйкімді құлыншақтарына қайта оралсыншы!”, – делінген жазбада. Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамызда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде туған. Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Дарын жастар сыйлығының иегері. Білімі – жоғары, 1993 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын “концерт орындаушы” мамандығы бойынша, ал 1998 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ мемлекеттік техникалық университетін “инженер-металлург” мамандығы бойынша бітірді. 1996 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан президенті оркестірінің көркемдік жетекшісі қызметін атқарған. 2000 жылдардың басында еліміздің мәдениет саласында бірқатар лауазымды қызмет атқарды. 2002-2004 жылдар аралығында ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі, мәдениет вице-министрі болды. 2004 жылдан бастап “Нұр Отан” партиясына мүше. 2016 жылдың 24 наурызынан бері VІ шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі. Сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті. Мәжілістің ІІІ және ІV шақырылымында депутат болған. 1996 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі” құрметті атағы берілді. “Парасат орденімен”, “Қазақстан конститутциясына 10 жыл”, “Қазақстан парламентіне 10 жыл”, “Астанаға 10 жыл”, “Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл” медальдерімен марапатталған.

Комментарий (2)

  1. Алтынбек

    Бекеңе Бір Алла өзі жар болсын, аман-есен сауығып шықсын! Мұндай сөзге шешен дара тұлға адамдар арқашанда керек. Қазақ баласына әр дайым мотивация беретін дарын.

  2. Сапасы Ербол

    Алла дертіне шипа берсін!

Комментарий

Бөлісу | Поделится