Қоғам | Общество

Әлеуметтік желілер әлем бойынша істен шықты

Facebook, Facebook Messenger,  Facebook, Whatsapp, Twitter және Tinder  әлеуметтік желілерінде ғаламдық ауытқу болды.
Бұл жағдай әлем бойынша миллиондаған адамды алаңдатып қойды. Өз парақшаларына кіре алмаған көпшілік бірден дабыл қағып, желілердің жұмысына наразылығын білдірген.  Facebook жұмысы АҚШ, Италия, Ұлыбритания, Польшада тоқтаған. Facebook Messenger Польша, Франция, Ұлыбритания мен АҚШ-та істен шыққан. Instagram  АҚШ, Бразилия, Түркия, Ресей, Дания, Испания, Италия мен Францияда ауытқу байқалған. Twitter жұмысы Нидерландыда, Ұлыбританияда, Жапония мен АҚШ-та тежелген. Tinder Франция, Ұлыбритания мен Германияда тоқтаған. Whatsapp жұмысы Бразилияда, Мексика мен Италияда, Германия мен Австрияда тежелген. Қазақстанда да аталмыш әлеуметтік желілер кеше кешкі уақыттан бастап дұрыс жұмыс істемей тұр. Миллиондаған адам қолданатын желілерде ақау болуының нақты себебі әзірге белгісіз.

Комментарий