Шоу бизнес

Тек Димаш үшін ғана Жапония ән байқауы шартын өзгертті

Байқау шарты бойынша әр елден келген әнші өз ана тілінде ән салуы керек болатын.

Димаш Құдайберген үшін ғана ABU TV Song Festival 2019 халықаралық байқауының ұйымдастырушылары өз шарттарын өзгертіп, оған үлкен құрмет әрі ерекше ізет көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, 19 қарашада Токиода өткен Азия-Тынық мұхиты елдердінің ең үздік әншілері қатысқан бұл байқауға шамамен 20-дан аса елдің ең мықты әншілері қатысқан. Мысалы, олардың ішінде байқаудан соң Димашпен бірге видеоға түскен түріктің мега әншісі Мұстафа Сандал да бар. Ол Азия мен Еуропада да өте танымал әнші, оның алғашқы альбомы 17 млн данамен тараған. Сол секілді Тронтоның бұлбұлы саналатын, тегі үнділік канадалық әнші Джанита Ганди да әлемге танылып келе жатқан жас әнші. Ол көптеген тілде ән салады. Міне, осындай мықтыларға берілмеген мүмкіндікті байқауды ұйымдастырушылар Димашқа жасады. Байқау шарты бойынша әр елден келген әнші өз ана тілінде ән салуы керек болатын. Солай болды да. Тек Димашқа ғана ерекше ілтипат көрсетіліп, басқа тілде ән салуға мүмкіндік берілді. Әрине, Димаш бұл мүмкіндікті қалт жібермей, жанкүйерлері қалаған әрі өзінің байқауларда бағын ашқан S.O.S d’un terrien en détresse француз әнін орындады.

Димаштың ән салғанын өз көзімен көрген канадалық бұлбұл қыз Джанита бұл туралы желідегі өз парақшасында:

“Бұл адам – вокал Алыбы. Ол менің дауысым өзіне ұнайтынын айтты. Ал оның ән орындағанын бүгін өз көзіммен Токиода алғаш рет көрдім. Енді: “Димаш, мен сенің жанкүйеріңмін” деп ресми түрде айта аламын” деп жазып, оның алдында бас иді.

Айта кетелік, бұл концерт “Хабар” телеарнасынан 22 қарашада көрсетілетін болады.

 

 

Комментарий