Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Қызылордада көлік аялдамада тұрған адамдарды жапырып кетті, үшеуі қайтыс болды

Көлік жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қызылордада Назарбаев даңғылында жол апаты болып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz аймақтық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– 2019 жылы 21 қарашада сағат 09.15 шамасында Toyota CAMRY көлігінің жүргізушісі Назарбаев даңғылы бойымен келе жатып, Mercedes-Benz-тің бүйіріне соғылды. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, аялдамада тұрған адамдарды қақты. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында қайтыс болып, екеуі ауруханаға жеткізілді. Көлік жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық-соттық сараптама тағайындалды, – деп атап өтті облыстық полиция департаментіндегілер.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-тармағына сәйкес, “Кісі өліміне әкеліп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол ережелерін бұзуы немесе көлік құралдарын пайдалануы” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

 

Комментарий