Шоу бизнес

“Аянышты әнін айтып, халықтың қалтасын қағып жүр”: Жан Ахмадиев науқас жігіттің намысына тиді

Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түскен Жан Ахмадиевтың жазбасы Бақдәулет Әбділдәұлының намысына тиді. Ол арбада таңылып отырған баланың суретін өз желі парақшасында жариялап, «табақпен ақша жинап алатындар» деп жазған. Сондай-ақ, онымен ән айтып жүрген әншілерді хайп ұстап жүр деп айыптаған, деп хабарлайды Stan.kzақпарарт агенттігі «Астарлы ақиқат»бағдарламасына сілтеме жасап.

«Жан Ахмадиевтің жазбасын көрдім. Сол жерде менің суретім салып, продюсерсымақтар тойға алып шығады деп жазыпты. Ол жерде мені келтірмегендерін айтып жатыр. Бірақ «осындай жағдайда отырған қандай бала бар екен тойға шығып әншілермен ән айтып жүрген?» дегім келеді. Ернар Айдармен де ән айтқан болатынмын. Әншілер де онымен қоймай, ән айтып хайп ұстап жүр дегендей», – дейді Бақдәулет Әбділдәұлы.

Ал Жан Ахмадиевтің өзі болса, арбада таңылып отырған балаға қатысты жазбағанын айтады.

«Жеке басына тиіп кеткен болсам, басымды иіп кешірім сұраймын. Өйткені мұндай нәрсеге ешқашан жоламаймын. Бірніші рет жаздым, бірінші рет басым бәлеге қалып отыр. Неге екенін білмеймін», – дейді әнші.

Алайда, науқас бала әншінің өзін «қайыршыға» теңегеніне ренжулі екенін, сол сөзі үшін сотқа бергісі келетінін айтады.

«Инстаграмға өзімнің туысқандарымның тойында ән айтқан видеомды салған болатынмын. Сол видеоны Жан Ахмадиев өз парақшасына тартып алып, неше түрлі балағатты сөздермен мені «қайыр сұрап жүр» деп келтіріп жазып қойыпты», – дейді.

Комментарий