Талқыдағы тақырып

Қар еріп жатыр, қармен бірге асфальт та еріп жатыр

Қар еріп жатыр, қармен бірге асфальт та еріп жатыр. Көше көлкіген су. Кей жері шұңқырға толы. Құпиясын қойнына бүккен люктің қақпағы тағы бар. Бісмілләні боратып келе жатасың, миналанған алқапты тазалаған саперлер де сөйте ме екен? Соның өзінде бір шұңқыр күтіп тұрады ғой, шіркін. Сол шұңқырдың бірінде стабилизатор қақ ортасынан үзілді. Былтыр күзде ауыстырғам. Көлікке мінген жақсы-ау, ақ қар, көк мұзда мәшиненің астына түсу оңай емес (жөндеуді айтамын). Содан сыпайылық танытып, қапталдан қыстырылған көліктің бәріне жол беруге көштік. “Алақанда алақан” деп келетін ән жолдарындағыдай дөңгелекке дөңгелек салатын болдық. Алға оздырған көлік дөңгелегінің ізінен ауытқымауға тырысасың. Өңмеңдеген джип алға түссе, тіптен жақсы. Шұңқырға шолп етіп түскенде, су шашырап, шалшықтың түбі түгел көрінеді. Айналып өтуге мүмкіндік бар. Бірақ олар да ақымақ емес, кейбірі өзіңді күтеді. Осылай айналып қана кетейін шұңқырлардың арқасында сіз-біз десіп жүрміз. Сыйластыққа не жетсін, шіркін?)))

Еркін Қарин

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий

Бөлісу | Поделится