Саясат | Политика

Енді дипломы жоқ болса да өмірлік тәжірибесі бар адамдар ауыл әкімі болуы мүмкін

Енді жоғары білім алғаны туралы дипломы жоқ болса да, іскерлігі мен өмірлік тәжірибесі, қарым-қабілеті жететін жандар ауыл әкімі болуы мүмкін. Ал, елді мекендердің шырайын келтіріп, күрделі мәселесін шешу үшін тек дәрігерлер мен мұғалімдер ғана емес, бухгалтерлер мен заңгерлер де жұмысқа тартылмақ.

Өйткені, қазіргі таңда ауылдар осындай мамандарға зәрі екен. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында осындай өзекті мәселелер талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан соң ауыл еңсесі әлі де көтерілмей келеді. Білім қуып, жұмыс, жайлы өмір іздегендердің бәрі әлі де қалалы жерлерге ағылуда. Салдарынан қазақтың құт-мекеніне айналған ауылдан ажар қашып, мамандар тапшылығы туныдауда. Бұл күнде елді мекендер бухгалтер мен заңгерге зәрі екен. Мемлекеттік қызметте жүргендердің де ол жаққа аттап басқысы жоқ. Мұның арты жақсылыққа әкелмейтінін білген Үкімет қазірден бастап қам жасауда.

«Кадр тапшылығы бар. 460 құрайды. Біз соны шешеміз. Қажетті шараларды қабылдауымыз қажет. “Ауылға дипломмен” бар , мемлекеттік қызметшілер ол бағдарламаға кірмейді. Ауылға баратын мамандарды қолдау, оларға жәрдемақы керек. Біз тиісті түзетулерді дайындаймыз!”, – дейді Ұлттық экономика министрі.

Дәленовтың дерегінше, ауылды жерлерге дәрігерлер мен мұғалімдерден бөлек, заңгерлер мен бухгалтерлерді көптеп тарту керек. Себебі, ондағы ағайын дәл осы мамандарға зәру болып отырған көрінеді. Министрдің уәжімен ауыл әкімдері де келіседі. Елді мекендердің дербес бюджеті болғанымен, оның  есеп-қисабын жүргізу үшін осындай білікті мамандар ауадай қажет.

Тағы бір түйткіл – қарапайым интернеттің жоқтығы. Дұрысы бар, бірақ қолжетімсіз. Ресми ақпаратқа сүйенсек, 2 мыңға жуық ауыл мен кентте, ауылдық округтерде интернет орнатылған екен. Тек ол жергілікті әкімшіліктің бюджетіне қызмет көрсетуге күші жетпейді дейді әкімдер. Әкім демекші, енді ауыл басшысының тағайындау жөніндегі бұйрыққа өзгеріс еніп қалуы мүмкін. Қазіргі талапқа сәйкес, жоғары білім жоқ адам ауыл әкімі бола аламайды екен. Бұл өмірлік тәжірибесі мол кей жандарға қолбайлау болып отырған көрінеді.

«Ауылды жерлерде жоғарғы білім бар мамандардің көбісі мұғалімдер мен милиционерлер. Бізде білімі орта болса да, білікті, өмірлік тәжірибесі сол мамандар баршылық. Алайда, сіздердің бұйрықтарыңыз білікті маманды ауыл әкімі етіп тағайындауға кедергі келтіреді», – дейді парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко.

2020 жылдан бастап халық саны 2 мыңға жетпейтін 1 мың 338 ауыл округтерінде жеке дербес бюджеті болады. Бұған дейін 1055 ауылға кірістерін мен шығыстарын реттеуге пәрмен берілген болатын. Десе де әлгі күнге дейін жергілікті әкімдіктер ауданнан бөлінетін бюджетке тәуелді.

Комментарий