Қоғам | Общество

Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі уақытша тоқтатылды

Автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәлігін беру қызметі техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды, – деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

“Техникалық ақауларға байланысты мамандандырылған ХҚКО мен әкімшілік полицияның тіркеу-емтихан бөлімшелерінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер уақытша тоқтатылды”, – деді комитеттегілер. Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Комментарий

Бөлісу | Поделится