Талқыдағы тақырып

Қыздарды жерге тыға беруді қойып, ер азаматтар өздерімен жұмыс жасау керек!

Өз ұрпағынан безген әкелер!

Қазақстанда жауапсыз ер азаматтар көбейіп кеткен.
Әйел адам мақұл жаман екен, ал баланың не кінәсі бар?
Қыздар өзге ұлтқа кетіп жатса, өтірік намыстарың оянып ойбайлайсыңдар!
Ал ұрпаққа келгенде уылдырығын шашқан балықтар секілді әр жерге шашып,тастап кетіп жүрсіңдер!
Әйел азаматтарынан көп дүние талап етеміз!
Мүмкін ер азаматтарымыздан талап ететін уақыт келді.
Соғыс уақыты болса мейлі, әкесіз ұрпақ өсетін, бейбітшілік заманда әкесіз өскен ұрпақ көбейді.

Ұрпақтарың өзге ұлттардың қолында кетіп, болашақта өздеріңе қарсы келіп жүрмесін!

Қыздарды жерге тыға беруді қойып, ер азаматтар өздерімен жұмыс жасау керек!
Отырып алып қыздармен санасып, айтысып одан қалса, уағыз айтатын ер азаматтар көбейген!
Ұлттық идеологияның жоқтығы, ұлтты жойып бітетін болды!

Күнде келетін хаттардың бірі!

Фейсбуктегі парақшасынан

Айгүл Орынбек

Комментарий