Құқық | Право

ІІМ бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің экс-басшысына қатысты тергеуді бастады

Қазақстанның Бас прокуратурасының арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Еліміздің ішкі істер министрлігіндегілер Олеся Кексельге қатысты тергеу басталғанын растады. Алайда тергеуге байланысты мұнан өзге ақпарат бермеді.

Еске сала кетсек, Олеся Кексель биылғы жылдың мамыр айында арнау прокурорлар қызметі басшысы қызметінен босатылған еді. Ол аталған қызметте 2018 жылдың қаңтар айынан бері болған.

Комментарий