Қоғам | Общество

ЭКСПО кезінде қазақ жігітінен қызды болған конголық әйел сәбиінен ажырап қалуы мүмкін

Қазаққа қыз сыйлаған Конго азаматшасы Моника Камукенж Камганза Қазақстандағы босқын мәртебесін ала алмаған. Осыған байланысты әйелді жер аударып, сәби осында қалуы мүмкін деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Моника Астанаға ақша табу үшін келіп, баласымен бөтен елде жалғызсырап қалған.

Қазіргі уақытта ол баласын бағып, қазақ пен орыс тілдерін меңгеріп жүр.

Нәрестенің әкесі байланысқа әлі шықпапты. Мониканың босанып алғанын анасы әлеуметтік желі арқылы білген.

“Анам Facebook желісіндегі суретті көрді. Сосын жылай бастады. Неге осылай болды дейді. Жылағаннан ауырып қалды. Бірақ бұл жерде маған бәрі жақсы. Аналар үйінде қыздарды француз тіліне баулимын”, – дейді Моника Камукенж.

Ол өзі мен қызын асырау үшін кез келген жұмысты істеуге дайны екенін айтады.

Қазақстандық заңгерлер баланың туу туралы куәлігін тіркеген. Болашақта нәресте қазақстандық төлқұжатты ала алады.

Есесіне сәбидің анасы Мониканың құжаттарымен үлкен мәселелер пайда болған. Оған босқын мәртебесі берілмегендіктен, әйел сот арқылы шағымданып көрмек.

Мониканың ҚР аумағында жүру құжатының мерзімі бір айдан соң аяқталады.

“Көмек” уақытша өмір сүру орталығының мәлімдеуінше, Моника қызымен бірге елімізден шыға алғанымен, оны Конгоға арнайы құжаттарсыз кіргізбейді екен.

“Оны ол елде не күтеді, қалай оралады? Ол мемлекеттің жағдайы да аса мәз емес”, – деп уайымдады орталық директоры Анна Рыль.

Сонымен қатар Орталық жетекшісі Мониканың еліне барып қажетті құжаттарды жинап, қайтып Қазақстанға келе ала ма, ол жағын білмейтінін айтады

Ал Моника қызының өз отанында не болып жатқанын ешқашан көрмегенін армандайтынын айтады.

“Өзім және қызым үшін қорықпай жай ғана өмір сүргім келеді”, – дейді әйел адам.

Моника көп ұлтты Қазақстанның бір бөлігі болып, осында достар тауып, отбасын құрып, қызын өсіруге үміттенеді.

Комментарий