Әлемде | В мире

Қытай 2020 жылы Марсқа ұшырылатын ғарыш құралын сынақтан өткізді

Зерттеулер Хэбэй провинциясында жүргізілді.

Қытай 2020 жылы Марсты зерттеуге аттандыратын ғарыш аппаратын сынақтан өткізді, деп хабарлады 24.kz.

Зерттеулер Хэбэй провинциясында жүргізілді. Сынақ кезінде құралдың Қызыл ғаламшарға қонуы тексеріліп, пысықталды. Себебі Марсқа жасалған сапардың ең қиын кезеңі аппараттың ғаламшарға қону сәті болып саналады. Ол небәрі 7 минутқа созылуы тиіс.

Айта кетейік, Қытай – ғарышқа өз зымыранымен маманын аттандырған үшінші мемлекет. 2013 жылы бұл ел аппаратын Айға қондырды.

Комментарий