Елең еткізер | АктуальноҚұқық | Право

Қазақстанда некесіз туған балаға да алимент төлеу міндеттелмек

Қазақстанда некесіз туған балаға да алимент төлеу міндеттеледі. Мәжіліс депуттатары ер адаммен некеге тұрмай, дүниеге келген балалардың құқықтарының шектелгенін анықтаған деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы мәжіліс депутаты Светлана Бычкова айтып берді.

Парламент сенаты әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында Светлана Бычкова баланың құқықтарын қорғау мәселесі жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметіне байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар көзделген заң жобасын таныстырған.

“2018 жылдың маусымында Конституциялық кеңеске үндеу жолданып, онда ер-азаматпен некеде тұрмаған аналар дүниеге әкелген балалардың бұл тұрғыда құқықтары шектелгені көрсетілген. Егер еркектер оларға алимент төлегісі келмесе, онда балалар алименттен қағылады.

Сондықтан түптеп келгенде ондай балалар некедегі әйелдерден туған балалармен теңестірілген еді. Бұл ретте жағдайға байланысты нақты шарттарды сот айқындайды”, – деді мәжіліс депутаты.

Айта кетейік, талқылау барысында “Неке және отбасы” туралы кодекстің 47-бабына толықтырулар енгізілетіндігі атап өтілді.

Аталған толықтыруларда ер-азамат некеден тыс туған ортақ балаларын асырау үшін оның анасының шығындарын өтейтіндігі көзделген.

Сонымен қатар, сот қаражаттың көлемі мен төлем мерзімділігін тараптардың материалдық және отбасылық жағдайына байланысты айқындайтындығы көрсетілген.

Комментарий