Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен»: ІІМ өкілі журналистер алдында есеп берді

Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы бері елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын айтты.

Елімізде көлік жүргізу мәдениеті төмен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Марат Тұяқбаев айтты.

«2013 жылдан бері жол-көлік оқиғалары, соның ішінде жарақат алғандар мен қаза тапқандар саны азайып келе жатқанмен, бей-жай қарауға және әрекетсіз болуға болмайды», – дейді Марат Тұяқбаев.

Ол жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары мен соның салдарынан қаза табушылар саны азайып келе жатқанын айтты.

«Зардап шеккендердің 40%-ы – жаяу жүргіншілер. Жыл сайын жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары миллиондап тіркеледі. Бұл елімізде көлік жүргізу мәдениеті әлі де төмен екенін білдіреді», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол тәуелсіздік алғалы бері елімізде 83 мың адам жол-көлік оқиғасынан қаза тапқанын айтты.

Комментарий