Қоғам | Общество

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді Facebook пен “ВКонтакте” месенджерлері арқылы ала алады

Осы жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А.К.Жұмағалиевтың бастамасымен НИТ компаниясы жаңартылған Telegram-бот және Facebook пен “ВКонтакте” чат-боттарын іске қосты.

Бүгінгі күні Telegram-Ботта 25 мемлекеттік қызметтер мен сервистерді алуға болады, ал Facebook-те 15 қызмет, “ВКонтакте” жүйесінде 19 қызмет түрі қолжетімді.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушылар мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы шарт. Жүйеде пайдаланушылар хабарламаларды жібереді, талдағыш мәтіндік ақпаратты таниды, ал ақылды жүйе адамдық араласусыз операторларға жүктемені бөледі, оларға тіркеу нөмірін береді және орындаушыны тағайындайды. Мұндай іске асыру жұмыс процесін неғұрлым тиімді басқаруға ықпал етеді. Пайдаланушылар өз кезегінде орындаушылардың аты мен байланыс деректерін көрсете отырып, олардың өтініштерінің орындалу барысы туралы автоматты түрде хабарлама алады. Мұндай шешім азаматтардың мәселелерін тиімді шешуге, сондай-ақ орындау процесі барысында олармен кері байланысты қолдауға мүмкіндік береді. Танымал әлеуметтік желілердің мессенджерлерінде чат-боталарды іске қосу Мемлекеттік қызметтерді ұсыну үшін қосымша алаңдар құрады. Осылайша, пайдаланушы виртуалды кеңесшімен диалог жүргізе отырып, анықтамалық ақпаратты мемлекеттік қызметтер порталына (egov.kz ) өтпей ала алады.

«Қазіргі таңда халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және өз кезегінде ХҚО кезекті болдырмауда осындай ыңғайлы чат-боттардың көмегі көп. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік желі қоланушылары артып келеді, әр мұндай желілер қолдануға өте ыңғайлы жағдай туғызады. Чат-боттар қыркүйек айында сынақ ретінде халыққа қолдануға берілген болатын. Бір айдың ішінде пайдаланушылар санының тез артуына байланысты осы қазан айынан бастап толықтай қолданысқа енді. Алдағы уақытта жаңа месенджерлерді тұтынушылар арасында көптеп насихатталып, үйретілетін болады»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының ресми өкілі Амантай Егембердиев.

Айта кету керек, жыл басынан бері Түркістан облысы бойынша 1 200 000 –нан астам электронды қызметтер берілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.

Комментарий