Қоғам | Общество

«Development Dаy» жобасы Түркістанда кеңінен өтуде

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ведомствоға қарасты ұйымдар жұмыскерлерінің кәсіби және жеке-іскерлік құзыреттерін дамыту мақсатында а.ж. 20 тамызда министр А.К. Жұмағалиевтың және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясының ректоры А.А.Ахметовтың қатысуымен «Development Dey» жобасы басталған болатын.

Бүгiн Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін «ПАРАСАТТЫЛЫҚ» тақырыбында арнайы семинар өтті.

Негізгі баяндамашы филиалдың аға оқытушысы, ғылым магистрi Досанов Нұрбай Ермаханұлы болды. Семинарды филиал басшысы ашып, адалдық, әдiлдiк пен парасаттылық құндылықтары, қоғамдағы парасаттылықтың орнына ерекше тоқталды.

Парасаттылық мәдениеті – бұл әдiл қарым-қатынастың және қоғамның адал жолмен дамуының негізі. «Өзіңізді толығымен парасаттылыққа ие деп санайсыз ба?» деген сұрақ тыңдаушыларды ойландырмай қоймады. Өйткені, парасаттылық – дегенiмiз Сiздi ешкiм көрiп тұрмаса да қоғамға игiлiк ойлап, жақсылық жасау.

«Парасатты адамға адамгершілік, инабаттылық, салиқалылық, меірімділік, ізгілік, әдептілік, ұстамдылық қасиеттері тән. Бұндай қабілеттерді бойына сіңірген адам әр сөзін ойланып, ақыл таразысына салып айтады. Аталған қабілеттің қызметкерлердің бойында болуы қызмет алушымен арадағы байланысты нығайтып, сенімділік, құрмет қалыптасады»,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директор орынбасары Бақытжан Тегембаев.

Айта кету керек, семинар оқыту курстары қазан айында бастау алған болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы филиалының баспасөз қызметі.

Комментарий