Шоу бизнес

Айгүл Иманбаева “сүйіктісін” көрсетті

Айгүл Иманбаева көпшілікке “сүйіктісін” көрсетті. Әнші белгісіз азаматпен түскен суретін жариялады.

Әнші желідегі парақшасына белгісіз азаматпен түскен суретін жариялады. Ол құшақтасып тұрған суретін жария етті.

“Осылай болды енди…”, – деп жазды сурет анықтамасында. Онымен бірге жүрек белгісін қойды. Мұны аңғарған желі оқырмандары таңданысып жатыр.

Осылайша актриса оқырмандарын қызықтырып қойды. Олар сүйіктісінің кім екенін сұрап жанталасты. Ғашықтарға бақыт тіледі. Енді бір тобы мұның кино кадрының үзіндісі деп сенбестік білдірді.

“Кинода емес, өмірде осылай тұруды нәсіп етсін”, “Бейнебаянның бір көрінісі ғой”, “Бақытты болыңыздар! Жақсы жарасып тұр”, “Шынымен сүйіктісі ме?”, “Той қашан?”, – десті олар.

Айта кетейік, бұл әншінің кезекті бейнебаяны. Фитнес жаттықтырушысы Ақбар Жармағанбетов әнші Айгүл Иманбаеваның бейнебаянынан түскен болатын.

Комментарий