Қоғам | Общество

Жыландар ысылдайды

Алматы облысында жылан ордасының үстінде өмір сүріп жатырмыз деген тұрғын елден көмек сұрап отыр. Айтуынша бес жылдан бері тұрып жатқан үйінің асты толған жылан. Жалғызбасты ана Гүлмира Үмбеталиева соңғы күндері тіпті күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық дейді.
Гүлмира Үмбеталиеваның күні мен түні ауысып кеткендей. Жыландар мен егеуқұйрықтардың ысылынан ұйықтау мүмкін емес деген оның бүгінгі таңы да арпалыспен атыпты.
ГҮЛМИРА ҮМБЕТАЛИЕВА, КазЦик ауылының тұрғыны:
– Мынаның ішінен шықты ғой жылан. Азанда балама не алып берейін деп ем міне мына жерден шықты жылан.
Денеден бөлінген жыланның басын көргенде бұл үйде балалар қалай тұрып жатыр деген сұрақ туады. Үш баламен жесір қалған Гүлмира осыдан он жыл бұрын көлік апатына түсіп, бір ұлы мен өзі мүгедек болып қалған. Бұл үйді аудандық мәслихаттың депутаты уақытша пайдалана тұруға беріпті.
ГҮЛМИРА ҮМБЕТАЛИЕВА, КазЦик ауылының тұрғыны:
– Инвалидностьқа шықтым ғой, шығарды ғой төсек тартып жатқанда. Ол кезде инвалидность справканы апарып бердім. Кейін ұлымның инвалидностьын апардым. Тоже тіркейді екен жаңағы көмек болады деп. Сол. Сол жоқ, жоқ, жоқтан басқа түк айтпайды. Квартираға шыға алмаймын. Бар тапқанымыз міне дәрілер, дневной стационар.
Гүлмира Үмбеталиваның жағдайын ауыл түгілі аудан әкімдігіндегілер өте жақсы біледі екен. Биылғы жылы үйіне зарарсыздандыру жұмысын жүргізіп бердік дейді олар. Ал баспана сұрағына ауыл әкімі терең күрсініп, қинала жауап берді.
ЖАСҰЛАН ОҢАЛБАЕВ, КазЦик ауылдық округінің әкімі:
– Спонсорлық көмек арқылы шешеміз. Себебі бізде мемлекет тарапынан мысалы әкімшілік тарапынан бізде ондай үй болмағандықтан оны біз қазір бүгін ертең береміз деп айта алмаймыз. Қарастырып көмек беруге біз әзірміз.
Әкім көмек беріледі дегенімен, қашан екенін айтпады. Ал, алда аязды қыс: үй суық, асты – орда.

Informburo31

Комментарий