Шоу бизнес

«Дегенмен де қандары бір!» Айдарқұловтың екі әйелі татуласқан ба?

Даурен Айдарқұлов екі отбасының қарым-қатынасын түзеген секілді. Ақбота-Нұр актердың алғашқы некесінен туған қызын желіде құттықтады, деп хабарлайды Shownews.kz тілшісі.

Күні кеше Дәурен Айдарқұлов бірінші әйелінен туған қызы Аяулымды меншікті мерекесімен инстаграм парақшасында құттықтады.

Дәл сол посттың астына Ақбота-Нұр да кішкентай бүлдіршінге ақ тілегін арнаған.
«Жаным менің, туған күніңмен!» – деді Дәуреннің қазіргі келіншегі.
Ақботадан дәл осындай жазбаны оқырмандар күтпесе керек, бірден қолдай кетті.
«Ақбота, жарайсың! Осы үш балапандарды өзіңіздің екі балаңызбен бірге өсірсеңіз дұрыс болар еді. Не дегенмен қандары бір», – деді желі қолданушыларының бірі.
Соған қарағанда Айдарқұловтың жұбайлары арасындағы түсініспеушілік сейілген секілді.

Естеріңізге сала кетейік, Дәуреннің бірінші отбасында үш перзенті бар. Ал, Ақбота екеуінің ортақ некесінен Ибраһим атты ұлы мен Айша есімді қызы өсіп келеді.

Комментарий