Саясат | Политика

Елордада жарықтың сөнуі: Тоқаев тексеріс жүргізуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада электр қуатының өшуіне кінәлілерді анықтауды тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, президент Нұр-Сұлтан қаласының басым бөлігінде жарықтың сөнуіне әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.

«Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді.

Президент үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті», – дейді Берік Уәли.

Еске сала кетсек, жексенбі, 10 қарашада, елорданың басым бөлігінде жарық сөніп қалған еді.

Комментарий