Саясат | Политика

БҰҰ Тоқаевтың шешіміне қатысты пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Бұл туралы өзінің хатында Ольга Алгаерова хабарлады

Біріккен ұлттар ұйымы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Көк Жайлаудағы курорт құрылысына тыйым салуына қатысты шешімін қолдайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Оның айтуынша, мемлекет басшысының атына БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ еуропалық экономикалық комиссиясының атқарушы хатшысы Ольга Алгаерованың  атынан хат түскен. Ол өз хатында Тоқаевтың маңызды мәселелерді тұрғындармен талқылаған соң ғана шешім қабылдайтынын ерекше атап өткен.

“Бұл тұжырым Қазақстанның ашық және өз азаматтарының белсенді рөліне негізделген шешімдер қабылдау ұстанымын ілгерілетуін көрсетеді”, – деп жазады Ольга Алгаерова

Берік Уәли мемлекет басшысының шешімі әлем қауымдастығы тарапынан “қоғамның алаңдаушылығын ескеріп жасалған тиімді ұйғарым” ретінде ғана емес, еліміздің экология саласындағы халықаралық міндеттемелерді, соның ішінде Орхус конвенциясының қағидаттарын берік ұстануы ретінде қабылданғаны өте маңызды екенін айтты.

Еске сала кетсек, Алматыға жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Көк Жайлаудағы курорт құрылысына тыйым салған болатын.

Комментарий