Құқық | Право

Алматы облысында үш адамның өліміне кінәлі деп танылған жігіт жиырма жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы облысының 26 жастағы тұрғыны Ерасыл Бейсембай үш адамды өлтіргені үшін және тағы екі адамға шабуыл жасағаны үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Алматы облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық резонанс тудырған сот процесі Талдықорғанда өтті.

Полиция берген ақпаратқа сәйкес, қылмыс фактісі Панфилов ауданында тіркелген, онда 25 наурызда Үшарал ауылының маңында «Ауди-100» және Тойота-Камри көліктері соқтығысқан.

Жол апатынан үш адам қайтыс болған. Ал үшеуін Жаркент қалалық ауруғанаға жатқызылды. Жарақат алғандардың ішінде жол-көлік оқтғасының туындауына себепші болған «Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі Ерасыл Бейсембай болған. Ауруханадан шыққан соң оны құзырлы органдар өз қарауында ұстады.

Анықталғандай, көлік жүргізушісі жол апаты болар алдында кезде алкогольдік ішімдік ішкен. Тексеру жұмыстары жол-көлік оқиғасының кездейсоқ болмағанын көрсетеді.

«Ауди-100» автокөлігінің жүргізушісі ішінде бес адам отырған «Тойота Камри» көлігін қасақана соққан. Күдікті мен марқұмның арасы жақсы болмағаны белгілі болды.

«Алматы облыстық сотының шығарған үкімі бойынша ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды және жазасын толық өтейтін болады. Сонымен қатар сот айыпталушының жәбірленуші тарапына моральдық шығын ретінде 13 миллион теңге, мемлекетке 300 теңге көлемінде өтемақы төлейтінін мәлімдеді», – дейді облыстық полиция.

Комментарий